- Asosiy
- Matbuot markazi
- Yangiliklar
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ТҰРАҚТЫЛЫҚҚА ҚЫЗМЕТ ЕТЕДI
2025 жылы "Узбек геология қидирув" акционерлiк қоғамы елiмiздiң пайдалы қазбалар қорын анықтауға едәуiр iсте қатысты. Алтын, күмiс, мыс, қорғасын, мырыш, көмiр сияқты пайдалы қазбаларды зерттей отырып, 141 жоба бойынша геологиялық барлау жүргiздi. Қорытынды ресурстар мемлекет балансына кiрiп, 19 жоба бойынша жұмыстар аяқталды. Ал 2026 жылы компания зертханаларды жетiлдiруге, аэрогеофизикалық кешендердi жаңартуға, геология саласын цифрландыруға үстем көңiл бөледi. Сонымен қатар, "Узбек Overseas Geology" қоғамын құрып, шетелдерде геологиялық жұмыстар жүргiзу жоспарын іске асыру мақсатында Ауғанстан, Иордания, Моңғолия елдерiмен келiсiмге келдi.Cocoon AI Summary
Геологиялық зерттеулер арқылы жер асты байлықтары болған — алтын, күмiс, мыс, қорғасын, мырыш, көмiр, тағы басқа да пайдалы қазбалардың қорын анықтауда және елiмiздiң минералды-шикiзат базасын нығайтуда едәуiр iстер атқарылуда. Осы сынды мәселелерге орай, Тау-кен өндiрiсi және геология министрлiгiнiң құзырындағы “Узбек геология қидирув” акционерлiк қоғамының 2025 жылғы қорытындылары мен 2026 жылдағы үстем мiндеттер” тақырыбында шара өттi.
Өткен 2025 жылда акционерлiк қоғам тарапынан геология-барлау iстерiн жүргiзу, пайдалы қазбаларды iздеу, бағалау және топографиялық, геологиялық бейнелеу, сондай-ақ зертханада зерттеу iстерi атқарылды. Мұның нәтижесiнде мемлекет бюджетi, НКМК (келiсiмшарт бойынша) мен АКМК-ның қаражаттарының есебiнен 141 жоба бойынша алтын, күмiс, мыс, қорғасын және мырыш, вольфрам, сирек кездесетiн металдар мен сирек кездесетiн жер элементтерi, көмiр, тағы басқа да пайдалы қазбаларға геологиялық барлау iстерi жүргiзiлдi. Жылдық қорытындыға орай, 20 жоба бойынша геологиялық iздеу iстерi аяқталып, қорытынды есебi жасалды, сондай-ақ анықталған қорлар және болжам ресурстары мемлекет балансына қабылданды.
Сонымен қатар жыл барысында геология саласын цифрландыру, мәлiметтер базаларын жетiлдiру және жұмыс үдерiстерiн автоматтандыру бойынша бiрқатар маңызды iстер атқарылды. Геологиялық мәлiметтердi басқару және бақылауды цифрлы түрге өткiзу мақсатында “Үлгiлердi бақылау” ақпараттық жүйесi жасалып, iс жүзiне енгiзiлдi. Жүйе арқылы зертханаларға жiберiлiп жатқан геологиялық үлгiлердi тiзiмге алу, олардың қозғалысын бақылау, сараптау нәтижелерiн бақылау, сондай-ақ аэрогеофизикалық кешенiн жаңғырту үшiн қажеттi бөлшектер мен қондырғылар сатып алынды.
Жалпы бүгiнде “Узбек геология қидирув” акционерлiк қоғамының құрамында 5 зертхана өз қызметiн жүргiзуде. Бұл зертханалар Мемлекеттiк бағдарламада көзделген жобалар аясында барлық сараптамаларды толық орындап келедi. Атап айтқанда, 2025 жылда зертханаларда 750 мыңнан астам сараптама жасалған. Бүгiнгi қарқынды инвестициялар кезеңiнде кәсiпкерлер тарапынан көптеген жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Соған орай, қоғам зертханалары сыртқы тапсырысшылармен бiрге келiсiмшарт бойынша да қызмет етiп келедi. Қазiрде зертханалар 60-тан астам химиялық элементтi анықтау мүмкiндiгiне ие болған заманалық қондырғылармен жиһаздалған. Саладағы стандарттар басқышпа-басқыш халықаралық және ұлттық талаптарға сәйкестендiрiлуде. Соңғы жылдары сапаны арттыру мақсатында сатып алынған жаңа технологиялар топырақ құрамындағы элементтердi бiр тәулiк iшiнде анықтау мүмкiндiгiн бередi.
Акционерлiк қоғам тарапынан геологиялық барлау iстерiн тек елiмiз аумағында ғана емес, шетелдерде де халықаралық тендерлер жеңiмпазы ретiнде орындау iстерiн ұйымдастыру мақсатында “Узбек геология қидирув” АҚ және “Узбекгеофизика” акционерлiк қоғамымен бiрге “Uzbek Overseas Geology” жауапкершiлiгi шектеулi қоғамы құрылды. Бұдан көзделген мақсат — шетелдерде болашақты нысандардың әлеуетiн үйрену, өндiрiстiктi игеруге дайындау аясында геологиялық зерттеулер, зертхана және жартылай өндiрiстiк-тәжiрибе технологиялық сынақтарын жүзеге асырудың мақсатты бағдарламасын жүзеге асыру саналады. Қоғам тарапынан бүгiнде Ауғанстан, Иордания, Моңғолия сынды елдерде геологиялық iздеу iстерiн бастау бойынша меморандум жасалды.
Гүлжамал БАЙТӨРЕЕВА,
“Нұрлы жолдың” тiлшiсi.
